"Tik-tok" әлеуметтік желісінде жала жабу туралы іс татуласумен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-б. 2-б.  (жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтерді көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып тарату) бойынша азаматша Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралғанын хабарлайды.
Сотпен азаматша Ж.-ның "Tik-Tok" әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында "Ұрлықшы көршілер" деп көршісі М.-ның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтері бар бейнежазба жариялағаны анықталды.
Сотта Ж. кінәсін толық мойындады.
Жәбірленуші М. соттан азаматша Ж.-мен татуласып, медиативтік келісімге келулеріне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі өндірісімен тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, жәбірленушімен өзара татуласуына әрі медиациялық келісімге келуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі