Бс, 05/05/2016 - 11:11
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Меркі аудандық соты тіркелу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзімде ел аумағынан шығудан жалтарған, Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады. Іс материалдарына сәйкес, шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағында 1 ай уақыт болуды көрсеткенімен, аталған мерзімнен кейін ел аумағының шегінен шықпаған.
Сот қаулысымен шетелдің азаматтар Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 2-бөлігінде (ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы) көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға екі тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі