Қордай аудандық соты 2016 жылдың сегіз айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында 2016 жылдың сегіз айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы С.Тұрғынбаев және «Қордай шамшырағы», «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің тілшілері, сот кеңсесінің кеңсе меңгерушісі, прокурор Д.Тұрысбек қатысты.
Баспасөз-мәжілісі барысында С.Тұрғынбаев тілшілерге аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикасын мәлімдеді. 
2016 жылдың сегіз айында аудандық сотпен 221 адамға қатысты 178 қылмыстық іс қаралган, оның ішінде үкім шығару арқылы 140 адамға қатысты 160 іс қаралған, 29 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған, 9 қылмыстық іс 11 адамға қатысты прокурорға іздеу жариялау үшін жолданған, 1 адамға қатысты іс 1 іс ҚР ҚПК-ң 323 бабын бұзу бойынша кемшіліктерді жою үшін жолданған, 2 адамға қатысты 1 іс басқа негіздер бойынша қайтарылған.
Аталған есеп мерзімінде 1213 тұлғаға қатысты 1213 әкімшілік іс қаралған, 16 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды.             
Сондай-ақ 2016 жылдың сегіз айында 790 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 419 шешім, 226 сот бұйрығы шығарылған, 32 азаматтық іс қараусыз қалдырылды, медиация заңнамасы арқылы 73 азаматтық іс, 4 іс бітімгершілік келісімімен аяқталған.
Сот төрағасы сот жүйесінің деңгейін одан әрі алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті. 
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі