Электрондық бақылау ісін жүргізу жұмысының оң нәтижесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Электронды қызметтердің басты артықшылығы – азаматтарымыздың уақыты мен қаржысын үнемдейді және мемлекетік органдарда қағазбастылық азайып,құжаттарды дайындау және беру мерзімі әлдеқайда қысқартылады.

«Электронды үкімет» порталында сот саласына қатысты да қызметтердің түрлері соның ішінде,талап арыз,сот хаттамасын электрондық түрде беру туралы өтініш,хаттамаға электрондық түрде беру сынды қызметтер қарастырылған.Бұл мүмкүндікпен қоса,сотта қаралып жатқан іс бойынша қатысушы болып табылса,соттағы сол істің қозғалысы ,сот отырысының хаттамасы,сот актісі сынды ақпараттармен үйде отырып –ақ танысып көруге болады,

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының барлық соттарында 2013 жылдың 1 тамызынан 2014 жылдың 30 маусымына  дейін ұзартылып,Электрондық бақылау іс жүргізуін енгізу жөнінде пилоттық жобасы іске асырылады.Оның негізгі мақсаты-сот істері мен материалдар бойынша сот ісіне қатысушыларына ҚР АІЖК және ӘҚБТК талаптарының негізінде іс бойынша ақпарат алуда бірыңғай механизм құрау болып табылады.

Электронды бақылау іс жүзінде қолдану ҚР Жоғарғы Сотының интернет-рессурстары арқылы  сот ісі бойынша электронды құжаттарды көру және алу үшін сот ісіне қатысушыларға мәліметтерге рұқсат беретін пароль ұсынылып,автоматты түрде қамтамасыз етіледі.Сот істері мен материалдары бойынша  деректерге қол жеткізу сотқа тіркелгеннен және тіркеу-бақылау кәртішкесі берілген уақыттан басталады.

Сот ісіне қатысушыларға мәмілеттерге рұқсат беретін пароль жауапты ретінде арнайы бекітілген соттың кеңсе маманымен беріледі,ол үшін сот ісіне қатысушы сотқа келіп ЖСН-нін көрсетіп арыз беру қажет.

Аудандық сотта «Электрондық бақылау іс жүргізу өндірісі»пилоттық жобасын сот процесіне қатысушылардың арасында түсіндіру мақсатында сот ғимараттың делісінде орналасқан электрондық дүнгіршік арқылы слайд ролеген көрсету жұмыстары да ұйымдастырылған.

Жалпы кез-келген азамат бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін білгені жөн.

Қордай аудандық соты