Жамбыл облыстық сотымен «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуына байланысты әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Хат жолдауХат жолдау
Іс-шараны Жомарт Рүстембеков ашып, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдай мәселелерінің айтарлықтай шиеленісуін, кіру және шығу сондай-ақ мәжбүрлеп шығару ережелерін көрсетіп, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы, шетелдік инвестицияларды тарту, кіруге шектеудің алынуы және Қазақстан Республикасында шетелдіктердің мекендеуі, ҚР түрлі мақсаттармен келетін шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар санының артуына алып келгендігін атап айтты.
2016-2017 жылдардың 6 ай мерзімінде облыс соттарына түскен ҚР ӘҚБтК 28 бабында көзделген әкімшілік істердің статистикасына тоқталып, Жомарт Рүстембеков, ағымдағы жылдың көрсетілген санатында түсіп жатқан істердің айтарлықтай жоғарылағанын атап айтты.
Сондай-ақ ары қарай облыстық соттың судьясы Ғалым Күлекеев, Жамбыл облысы 4-басқармасының аға прокуроры Үшкемпір Молдабек, аудандық соттың судьялары Мәуленов Думан, Айман Ахметова, Әлібек Бәйтереков өз баяндамаларын оқыды.
Іс-шараның соңында, қатысушылармен нормативтік – құқықтық актінің өңделуі, жүйеге өзгерістер енгізу және аудармашы еңбегінің төлем көлемі, мемлекеттік механизм бақылауының дұрысталуы және құқыққорғау органдарындағы көрсетілетін қызметтер сапасының бағалануы бойынша ұсыныстар қабылданды.