Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіру» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді
19/09/2017
Іс шараға соттың төрағасы С.Баймаханов, судья Б.Сәрсенбиева және сот қызметкерлері қатысты.
Судья Б.Сәрсенбиева өз баяндамасында, қатысушыларға сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылатыны туралы айтты.
Сотқа құрметтемеушілік деп сотқа дәлелсіз себептермен келмеу, сотта белгіленген қағидаларды бұзу, сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) және т.б. түсінуіміз қажет. Баяндамашы сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және әкімшілік жаза қолдану сот отырысы барысында, сондай-ақ сот отырысынан тыс қолданылатынын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, мұндай іс-шараларды өткізу үйлесімді жұмыс және заң бұзушылықты болдырмауға ықпал ететінін атап өтті.
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі