Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Аудио-, бейнежазба құралдарын істерді қарау барысында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді
15/08/2017
Іс шараға соттың кеңсе меңгерушісі Б.Джунусов және соттың мамандары қатысты.
Жетекші маман А.Байбулов өз баяндамасында сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, сот отырысының барысы аудио- бейнежазбаға түсірілмейтін жағдайларды айтып берді. Сондай-ақ А.Байбулов қатысушылардың назарын сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау және жою, оған қол жеткізу қағидаларын қатаң сақтауын сұранды.
Семинардың соңында баяндамашы жүйенің жұмысын көрнекі түрде көрсетті.
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі