Сс, 20/06/2017 - 14:22
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рустембековпен Шу аудандық сот ұжымына жаңа төраға Е.Жаманқұлов таныстырылды.
2017 жылдың 14 маусымындағы № 499 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жаманқұлов Ернар Боранғазыұлы Тараз қалалық № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Шу аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Ж.Рүстембеков өзінің құттықтау сөзінде судья Е.Жаманқұловтың жалпы жұмыс өтілі 25 жылды құрайтынын, соның ішінде судьялық өтілі 11 жыл 2 ай екенін айтып өтіп, оған зор денсаулық, сот төрелігін атқару қызметінде табыс және Президентіміздің сенген үмітін ақтауды тіледі.
Ұжым қызметкерлері жаңа төрағаның жұмысына табыс тіледі.
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі