Қылмыстық теріс қылығы үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  296-бабының 1-бөлігімен (есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) айыпталған Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
05.03.2017 жылы сағат 17.00 шамасында сотталушы Б. үйіне бара жатқан кезінде Тараз қаласы, Смаилов көшесі №86 «А» үйдің жанынан жерде жатқан темекі қорабынан бір түйірді көріп, оны көтеріп, ашып ішінен өсімдік тектес зат тауып алған. Түрінен және иісінен табылған зат «марихуана» есірткі заты екенін біліп, Б. алдын ала заңмен тыйым салынғанын біле тұра есірткі затын медициналық емес мақсатта шегу арқылы заңсыз тұтынуға ой пайда болған. Аталған қоғамдық жерден кетпестен есірткі затын шегу арқылы тұтына бастаған. Б. есірткі затын шегуін аяқтай бергенде аталған жерге полиция қызметкерлері келген. Содан соң полиция қызметкері Б.-ға жақындап келіп оның не тұтынғанын сұрағанда, Б. қоғамдық жерде «марихуана» есірткі затын шегу арқылы тұтынғанын өз еркімен мойындаған.
Тараз қаласы №2 сотының 14.03.2017 жылғы үкімімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Б. ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 (сексен) сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі