Қыз жасауы туралы дау татуласумен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Әйел сотқа қыз жасауындағы мүлкін қайтарып алу туралы талабымен жүгінген.
2021 жылдың маусым айында талап қоюшы жауапкермен мұсылмандық некеге тұрған. Тойдан кейін  қалыңықтың туыстары дәстүр бойынша қыз жасауын сыйлаған. Алайда отбасында орын алған түсініспеушіліктердің салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасқан.
Күйеу жігіттің туыстарының қыз жасауын қайтарудан бас тартуынан кейін, қалыңдық аталған мүлікті қайтарып алу туралы сотқа жүгінген.
Істі қарау барысында сот медиациясын жүргізу жолымен тараптар дауды бітімгерлікпен шешу туралы келісім жасады. Оның шарттарына сәйкес, жауапкерлер 2022 жылдың 14 сәуіріне дейін талап қоюшыға тізімге сәйкес қыз жасауын өз еріктерімен қайтаруға міндеттенді. Ал талап қоюшы белгіленген мерзімде мүлікті тиеп, әкетуге міндеттенді.
Сотпен медиативтік келісімді бекіту мен істі тоқтату салдары түсіндірілді.
Медиативтік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
 
Қайнар:Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі