1566

№ вопроса: 
1566
Фамилия: 
ШАМШИДИНОВА
Имя: 
ИНДИРА
Отчество: 
ШАМШИДИНОВНА
Регион: 
Жамбылская область
Текст обращения: 
ҚР Азаматтық кодексінің талаптарында жеке сот орындаушыларының ұсыныстары атқарушылық өндіріс қозғалған жерде және борышкерлердің тұрғылықты жерлерінде орналасқан сотта қаралатындығы көрсетілген. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының аумағында орналасқан жеке сот орындаушылары осы облыстың аумағында тұратын барлық борышкерлерге қатысты атқару парақтарын орындай аудандарға бөлмей береді. Сондықтан да атқару өндірісін орындауға байлансты ұсынысты нақты жағдайда атқару өндірісі орындалатын жер Тараз қалалық сотына жолдау қажет пе, әлде борышкерлердің тұрғылықты жерлері бойынша жолдау қажет пе?
Дата ответа: 
Бс, 24/11/2016 - 18:32
Ответ: 
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 3-праграфында жеке сот орындаушысының қызметін ұйымдастыру көрсетілген, осы Заңның 152-бабына сай, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағымен тұспа-тұс келетін, жеке сот орындаушысы қызмет ететін аумақ атқару округі болып табылады. Атқару округіндегі жеке сот орындаушыларын айқындауды қалаларға, облыс аудандарына, қала аудандарына әкімшілік-аумақтық бөлуге сәйкес жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы жүзеге асырады. Жеке сот орындаушысы атқару округінің бүкіл аумағында атқарушылық құжаттарды орындауды жүргізуге құқылы. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді өзінің жұмыс орнынан тыс, атқару округінің шегінен тыс жерде жүзеге асырған кезде ол бұл жөнінде атқарушылық әрекеттерді жасаған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасын хабардар етеді. Жеке және заңды тұлғалар атқарушылық құжаттарды орындауды жүзеге асыру үшін борышкердің тұрғылықты жері не жұмыс орны (заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға тіркелген жер бойынша), мүлкі орналасқан жер бойынша жеке сот орындаушысына жүгінеді. Ал, Заңның 40-бабында орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу көрсетілген. Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы. Сондықтан Тараз қаласының аумағында орналасқан жеке сот орындаушысы өзінің ұсынысын Заңның 40-бабының тәртібімен сотқа беруге құқылы.
Статус автора обращения: 
гражданин (физическое лицо)
Категория вопроса : 
гражданское судопроизводство