1562

№ вопроса: 
1562
Фамилия: 
ЕСОВ
Имя: 
БОЛАТ
Отчество: 
КАЙРАТОВИЧ
Регион: 
Жамбылская область
Текст обращения: 
Арыз берушінің сот бұйрығын шығару арызы негізінде шыққан сот бұйрығын бірден орындауға жібереді.Бұл ретте өндірушіге сот бұйрығының көшірмесін жолдамау,бермеу қаншалықты заңды????Осы ретте өндірушіге міндетті түрде жолдауды сұраймыз.
Дата ответа: 
Сс, 22/11/2016 - 18:43
Ответ: 
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 141- бабына сай, сот бұйрығы шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, борышкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс. Борышкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберуге құқылы. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жоятындығы АПК-нің 142-бабында көрсетілген. АПК-нің 143-бабының талабына сәйкес, егер белгіленген мерзімде сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, судья соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын оны борышкердің тұрғылықты жеріндегі тиісті әділет органына орындауға ұсынуы үшін өндіріп алушыға береді. Өндіріп алушының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын сот тікелей жіберуі мүмкін. Яғни, сот бұйрығының көшірмесі өндіріп алушыға АПК-нің 143-бабында көрсетілген жағдайда ғана беріледі.
Статус автора обращения: 
гражданин (физическое лицо)
Категория вопроса : 
другое