1561

№ вопроса: 
1561
Фамилия: 
ЕСОВ
Имя: 
БОЛАТ
Отчество: 
КАЙРАТОВИЧ
Регион: 
Жамбылская область
Текст обращения: 
Талапкер ретінде,жауапкердің тұрғылықты мекн жайы бойынша басқа облысқа талап арыз жолдадым.Бұл ретте мемлекеттік бажды өзімнің тұрғылықты мекен жайым бойынша төлем түп нұсқасы жолдандым.Судья істі қарау барысында маған мемлекеттік бажды біздің облыстық мемлекеттік кірістер басқармасына төлеу керектігімді айтты Бұл іс әрекет заңды ма???
Дата ответа: 
Сс, 22/11/2016 - 18:46
Ответ: 
Есов Болат Қайратович, сұрақ: Талапкер ретінде жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша басқа облысқа талап арыз жолдадым. Бұл ретте мемлекеттік бажды өзімнің тұрғылықты мекен-жайым бойынша төлем түп нұсқасын жолдадым. Судья істі қарау барысында маған мемлекеттік бажды біздің облыстық мемлекеттік кірістер басқармасына төлеу керектігімді айтты. Бұл іс әрекет заңдыма? Болат Қайратович: Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексінің 103-бабына сай, мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату негіздері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады. Ал «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №9 нормативтік қаулысының 9-тармағына сай, салық кодексінің 547-бабы 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік баж заңды мәні бар іс-әрекеттің жасалған жері бойынша есепке алынады. Осыған байланысты мемлекеттік баж талап қою жері бойынша төленгенін растайтын құжаттарды сот дәлел ретінде қабылдауы тиіс. Істің мұндай тұрғысында, мемлекеттік баж талап қою жері бойынша төленуге жататындықтан, соттың Сіздің талап арызыңызды қайтару заңды.
Статус автора обращения: 
гражданин (физическое лицо)
Категория вопроса : 
другое