Совет по взаимодействию с судами
Өкім
Жамбыл облыстық сотының «Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің» құрамын бекіту туралы
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Конституциялық Заңының 14-бабы, 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін комиссия келесі құрамда құрылсын:
Комиссия төрағасы
Дармұрзаев А.И. ‑ доғарыстағы судья;
Комиссия мүшелері
Раисова А.А. ‑ облыстық адвокаттар алқасының төрағасы;
Қуатова З.П. ‑ 77-телеканал директорының орынбасары;
Кенжебай Ш.Ш. ‑ Нұр-Отан партиясының заңгері;
Сыдыков Қ.С. ‑ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары;
Абдусаметов Д.М. ‑ М.Қашгари атындағы ұйғыр этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары.
Комиссия хатшысы
Утеулина К.А. ‑ доғарыстағы судья.
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 17.02.2016 жылғы шешімімен бекітілген Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесі туралы ережесін басшылыққа алсын.
3. Жамбыл облыстық сотының 10.01.2017 жылғы № 3199-17-7-27/6 өкімінің күші жойылды деп есептелсін.
4. Өкіммен тиісті тұлғалар қол қою арқылы таныстырылсын.
5. Өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Төраға Р. Мырзакәрім