Байзақ аудандық сотында «Сот тапсырмаларын орындау» тақырыбында семинар сабағы өтті
19/06/2017
Байзақ аудандық сотында кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Сот тапсырмаларын орындау» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі А.Узбекова соттардан түсетін сот тапсырмасын уақытында және сапалы орындау өте маңызды екенін атап өтті.
Семинарда баяндамашы бас маман – сот отырысының хатшысы А.Джумаева сот тапсырмасын тіркелген сәттен бастап орындау тәртібіне тоқталды. Қатысушыларға хабарлама жіберу, оның ішінде олардың берілген мекен-жайда болуын анықтау аса қажетті екенін басып айтты.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқылады.
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі