Жуалы аудандық сотында кезекті сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында сот ұжымдары аудандық сот ғимаратының аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру шарасы шеңберінде  сенбілік өткізілді.
Жаздық сенбілікте барлық сот ұжымдары ғимараттың  тиісті аумақтарын жинады. Осылайша, ауданды абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты. Соттардың мамандары мен судьялары бірлесіп қоқыстарды жинап  шығарып, аумақты тазалау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарып, ғимараттың алдындағы көктемгі жаңбырлардан кейін өсіп кеткен шөптерді орды.
Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Судьялар және сот қызметкерлері күл-қоқыс қалдықтарды тазалап, сот ғимаратының аумағын ретке келтірді, бау бақшаларды, гүлзарлар және ағаш маңдарын тазалады.
Бәрінің бас қосуына бел болған бұл сенбілікте, өздерінің қоршаған ортаның экологиясын жақсартуға қосқан үлесі болды.
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі