Жуалы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында, «Азаматтық істер бойынша жеке санаттағы дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Аталған іс шараға, соттың төрағасының міндетін атқарушы А.Замбаев және Жуалы ауданының медиаторлары С.Тоқбергенов, У.Рахметов, А.Дүрәліұлы, М.Андаспаев, М.Рахметов қатысты.
Іс шара барысында, судья А.Замбаев өз баяндамасында Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Жоғарғы Сот медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны іске қосқанын түсіндірді.
Жобаның міндеті татуласу рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады. Медиацияның тиімділігі келіссөздер процесін жүргізу үшін жағдай жасау арқылы, даулы қарым-қатынастарға тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, медиатордың қатысуымен дауды (жанжалды) реттеу мақсатында бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді жеделдету және сотқа талап-арыз берген кезде төленген мемлекеттік бажды толық көлемде қайтарудан тұрады.
Іс-шара соңында қатысушылар пилоттық жобаны іске асыруға бағытталған жұмыс жоспарын талқылап, татуластыру әрекетінің қолданылу аясын кеңейту туралы пікірлерін білдірді.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі