Жуалы аудандық сотында 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс бойынша пресс-конференциясы өтткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында, 2017 жылдың 6 айы бойынша сот төрелігінің қорытындысына қатысты пресс-конференциясы өтті.
Аталған іс шараға соттың төрағасы Б.Мүлкібаев пен БАҚ құралдарының өкілі қатысты.
Аталған пресс-конференцияда Б.Мүлкібаев, 2017 жылдың 6 айында біраз жұмыс атқарылғанын айтап өтті.   
2017 жылдың 6 айында қылмыстық істер бойынша барлығы - 38 қылмыстық іс қаралған, солардың ішінде - 18 іс бойынша үкім шыққан, - 12 іс өндірісімен қысқартылған, - 7 қылмыстық іс медиаторлардың қатысуымен қаралған.
Азаматтық істер бойынша барлығы - 517 іс қаралған, - 304 іске сот бұйрығы шыққан, - 179 іске шешім шығарылған, - 14 азаматтық іс медиаторлардың қатысуымен қаралған.
Әкімшілік істер бойынша барлығы - 199 іс қаралған, - 166 іске әкімшілік жаза қолданылған, - 70 іске айыппұл салынған, әкімшілік қамаққа алу туралы - 66 іс, арнайы құқығынан айыру бойынша - 8 әкімшілік іс.
2017 жылдың 6 айында «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы сотқа - 538 азаматтық іс және 207 әкімшілік іс келіп түскен.
Пресс-конференция барысында Б.Мүлкібаев қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды мәселелерінің бірі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру және істерді уақытылы қарау екендігін атап өтті.
Пресс-конференцияның соңында сот төрағасы аталған тақырып бойынша тілшінің сұрақтарына жауап берді.   
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі