Жоспарланған кезекті семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Жамбыл облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Г.Тұрдыеваның басқаруы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен семинар сабағы өтті.
Семинар сабағын өткізу барысында баяндамашылармен 6 сұрақ қамтылды, соның ішінде: Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 26-тарауы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 429-бабының 8-тармағы және 347-бабы, электрондық ақпараттық Е-кадрлар жүйесін тиісті дәрежеде жүргізу тәртібі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі іс жүргізу бойынша шығыс және кіріс құжаттарды рәсімдеу тәртібі, Сот құжаттарының электрондық мұрағаты ақпараттық жүйемен жұмыс істеу тәртібі туралы, Сот отырысына қатысушы тұлғаларды хабарландыру, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мемлекеттік тілді дамыту секторының Алматы қалалық соттарының тексеру нәтижесінде дайындалған анықтаманы талқылау. Семинар сабағының соңында баяндамашылар 2016 жылы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне енгізілген Новеллаларына назарларын аударды.
Семинар сабағының соңында Жамбыл облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Г.Тұрдыева баяндамашыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғысын білдірді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі