Жол көлік оқиғасын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің (ары қарай далее мәтін бойынша – ҚР ӘҚБтК-нің) 610 бабы 1 бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) құқық бұзушы К. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарынан анықталғаны, 17 шілде 2017 жылы  сағат 18.15-те К. «УАЗ-Hunter» маркалы, «Каз» ЖШС-не тиесілі көлікті басқарып келе жатып, Шу ауданындағы «Шатыркөл» шахтасына қарай  төмен түсетін автожолда көліктің рөліне ие бола алмай аударылып, мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылықты жасаған.
Сот қаулысымен  К. ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы  1 бөлімімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК мөлшерінде, 22 690 (жиырма екі мың алты жүз тоқсан) теңге айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі