Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында жеке айыптаушы Т.-ның азамат Н.-ды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Қодексінің 109-бабы (ұрып-соғу) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жеке шағымы негізінде қозғалған қылмыстық іс қаралды.
Жеке айыптау шағымында сотталушы Н. 15.11.2016 жылы отбасылық жанжалдың нәтижесінде жәбірленушіге қарсы тән ауруына ұшырататын күш қолдану әрекеттерін жасап, оны ұрып соққаны көрсетілген.
Сондықтан да жәбірленуші Т. сотталушы Н.-ды ҚР ҚК-нің 109-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жеке шағыммен сотқа жүгінген. Істі қарау барысында сотталушы мен жәбірленуші кәсіби медиатордың көмегімен медиация тәртібімен татуласу туралы келісімге қол жеткізген. Сондықтан да соттан істі қысқартуды сұраған.
Сот тараптардың медиация келісімін зерделеп, олардың өз еріктерімен келісімге келгендерін, келісім ешкімнің заңды құқықтарын бұзбайтындығын ескеріп, қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексінің 409-бабының 6-бөлігіне сай қысқартты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі.