Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында азамат Н.-ға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 108 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық ісі қаралды.
Меркі ауылының тұрғыны сотталушы Н. жәбірленуші А. ұрып-соғып дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот процессінде тараптардың медиация тәртібімен бітімгерлікке келуіне байланысты, жәбірленуші соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Меркі  аудандық сотының қаулысымен Н.- ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабы теріс қылық жасау бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
                                                    
Қайнар: Меркі  аудандық сотының баспасөз қызметі