Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында азамат М.Байзатовқа қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 108 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы М.Байзатов 07.06.2016 жылы Сарыкемер ауылындағы өз үйінде жанжал шығарып, әйелінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып жұбайы К.Агибаеваны ұрып-соғып дене жарақаттарын келтіріп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Байзақ аудандық сотының қаулысымен М.Байзатовқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабы теріс қылық жасау бойынша қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі