Жеке адамға қарсы қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға сот төрағасы А.С.Тлепов және судьялар К.А.Кенжебеков, А.Ш.Маликова, Л.И.Ильясова қатысты.
Семинар барысында сот төрағасы А.С.Тлепов облыс соттарымен «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 мамыр 2007 жылғы № 1 нормативтік қаулысының ережелеріне негізделе отырып, жеке адамға қарсы қылмыстық істерді қарау бойынша нақты тәжірибе қалыптасқандығын атап айтты.
Сонымен бірге сот төрағасы А.С.Тлепов жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы айтып, осы санаттағы қылмыстық істердің қаралуы жөнінде  статистикалық деректер келтірді.
Іс шара соңында семинарға қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі