«Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың сот тәжірибесі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот тәжірибесі туралы» тақырыбында  семинар сабақ өткізілді.
Семинарға Тараз қаласы №2 сотының судьялары мен мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Н.Дауылбаев баяндамасында, Тараз қалалық №2 сотында 2016 жылдың 11 айында жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша 642, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру бойынша 372  және қоныс колониясына ауыстыру бойынша 139 материал қаралғанын атап өтті.
Аталған материалдарды қарау кезінде айтарлықтай қиындықтар мен сұрақтар туындамағандығын айтты. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының  №6 2015 жылдың 2 қарашасында шыққан «жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының талабына сәйкес жасақталған белгілі сот тәжірибесі бар. Бұл  нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық атқару заңнамасындағы өзгерістер ескеріліп қабылданған.
Семинар сабақ соңында қатысушылар  аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі.