Жаңа төраға тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамамндандырылған ауданаралық сотында аталған соттың жаңа төрағасын ресми түрде тағайындау рәсімі өткізілді.
Рәсімге Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Тараз қаласының әкімі, облыстық және қалалық прокуратура мен мемлекеттік органның - мекеме басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембеков Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Респубикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 14 маусым 2017 жылғы №499 санды Жарлығымен Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға лауазымына осы сотта судья қызметін атқарған Ербол Мизанұлы Дүйсенбаевтың тағайындалғанын ресми түрде жария етті.
Ал осы соттың бұрынғы төрағасы Т. Сұлтанова өзінің өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты төраға лауазымынан босатылып, соттың судьясы қызметіне қалдырылды.
                                          
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамамндандырылған  ауданаралық сотының баспасөз қызметі