ЖАҢА 2014 ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шын жүректен келе жатқан
Жаңа 2014 жылмен құттықтаймыз!

Еліміздің ырысы артып, ырыздығы молая түссін. Жаңа жылда игі арман тілектеріңіз жүзеге ассын! Ақ ниетпен өткен жылды шығарып салып, ақ тілекпен жаңа жылды қарсы алайық!

Жаңа жыл жаңа идеялар мен бастамалардың жүзеге асуына негіз болып, іскерлік және шынайы достық қарым-қатынастың артуына себепші болсын. Жаңа жылда ақ ниет пен мықты денсаулық, еңбекте толағай табыстар және отбастарыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болуына тілектестік білдіреміз!

Ізгі тілекпен,  Жамбыл облыстық соты ұжымы