Жамбыл облысының соттарымен татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту жөніндегі пилоттық жобасы іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
26.01.2017 жылы Жоғарғы Сотпен азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша, дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жоба бекітілді.
Жоба 01.02.-01.07.2017 жыл аралығында әрекет ететін болады, оның нәтижесі бойынша пилоттық жобаның механизмдерін барлық соттарға енгізудің орындылығы туралы ұсыныстар келтіру көзделген.
Жобаның негізгі мақсаты мен міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады.
Жоба қамтитын іс санаттары:
Баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, баланы басқа адамдардан тартып алу, білім алушылардың білім жүйесінде жалпы орта, жалпы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы);
Еңбек даулары, (Еңбек кодексінің 159 бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген даулар)
Мұрагерлік;
Көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы туралы
Пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша;
Некені бұзу және мүлікті бөлу туралы;
Қарыз келісім-шарттары бойынша;
Сақтандыру.
Жобаны жүзеге асыру үшін Жамбыл облыстық сотымен жобамен қамтылған азаматтық іс санаттарын қарайтын судьялардың жұмысын ұйымдастыру жоспары түзілді. Жобаның орындау мақсатында облыстық соттың интернет ресурсында арнайы тақырыптық бөлім құрылды, халық арасында жобаны БАҚ арқылы түсіндіру іс-шараларының кестесі құрылды, сонымен қатар, медиаторлардың, заңгер-практиктердің және ғалымдарды қатысуымен теледебат алаңдарын құруды ұйымдастыру, сот ғимараттарында ақпараттық стенділер орнатуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, мысалы, Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаева және Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ерлан Тәжібаев пилоттық жобаға қатысты «Қазақстан Тараз» телеарнасындағы «Бірінші студия» бағдарламасына шықты. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гаухар Қожантаева Жамбыл облысының сақтандыру компанияларының - «Казкоммерц-Полис» СК АҚ, «Нефтяная Страховая Компания» СК АҚ, «Казахинстрах» СК АҚ, «NOMAD Insurance» СК АҚ, «Халық-Life» СК АҚ өкілдерінің және «Бітімгер» құқық және медиация орталығының» кәсіпқой медиаторларымен кездесу өткізді. Жамбыл аудандық сотының судьясы Г.Алімқұлова «Қазақстан Тараз» радиоканалының «Заң және біз» айдарынан эфирге шықты. Сондай-ақ Жамбыл аудандық сотында «Пилоттық жобаның іске асуы бойынша дауларды (жанжал) сотқа дейін медиация тәртібінде реттеуді енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мойынқұм аудандық сотында ауылдық округтың әкімінің, адвокаттардың, кәсіби емес медиаторлардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен, пилоттық жобаны түсіндіру жұмыстары өтті. Байзақ аудандық сотымен, ауылдық округте пилоттық жобаны түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. Шу қаласында, қала тұрғындарымен және Шу ауданы әкімімен 2016 жылы Шу қ. әкімімен жасалған жұмыстары бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Кездесу барысында Шу аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Бабырхан Абуев пилоттық жобаның іске асуы бойынша баяндама оқыды. Меркі аудандық сотында аудандық соттың судьяларының, кәсіби медиаторлардың, аудандық прокуратура қызметкерлерінің, заңгерлер конторының адвокаты және жергілікті БАҚ өкілінің қатысуымен пилоттық жобаның іске асуының ережелері талқыланды.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі