Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Шаруа немесе фермер қожалығы ұғымы және нысандары» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға Жамбыл облыстық сотының судьясы А.Әкетаев және экономикалық соттың судьялары қатысты.
Белгіленген тақырыпта соттың судьясы Б.Оразымбетов баяндама оқып, шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады. Сонымен қатар, шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, қайта өңдейді және өткізеді, сондай-ақ шаруашылық жүргiзуге байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
Шара соңында қатысушылар, шаруа немесе фермер қожалығы: кәсiпкерлiк қызмет ортақ бiрлескен меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы бойынша пікір алмасты. Алайда, сот практикасында шаруа қожалықтары қарапайым серіктестік ретінде қатысады, бірақ қатысушылар арасында ортақ келісім жасалмайтынын атап өтті.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі