Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинарлық сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға кеңсе меңгеруші Р.Әбдіқұлов, бас маман Ж.Шыршықбаев, бас маман –сот мәжілісінің хатшылары С.Әбілдаев, А.Адилов, жетекші маман А.Шымырбаев, сот приставы Б.Қамбатыров, психолог А.Қойбақова, мұрағатшы Г.Жақсыбаева қатысты.
Р.Әбдіқұлов, Жамбыл облыстық сотында оқу орталығының бастамасымен «Атқарушылық іс жүргізу органдарымен Автоматтандырылған ақпараттық жүйені ықпалдандыру» тақырыбы бойынша «дөңгелек үстел» өткендігін және атқару құжаттарының негізсіз қайтарылуына жол бермеу бойынша біріңғай тәжірибе қалыптастырылғандығын айтып өтті.                                                
Сонымен қатар, сот мәжілісінің хатшыларын сот актілерін орындауға жолдаған кезде  электрондық түпнұсқасының әр реквизиттерін, яғни өндіруге жататын сомасын, орындалатын кұжат түрін толығымен толтыруды тапсырды.
Іс-шара барысында қатысушылармен атқару құжаттарын дұрыс  және уақытылы кешіктірмей жіберу сұрақтары белсенді түрде талқыланды.
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі