Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылан ауданаралық сотында «Жасөспірімдерге қарсы қылмыс-қоғамға қауіпті құбылыс» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс шараға сотының төрағасы Е.Дүйсенбаев, судья А.Бексұлтанова, кеңсе меңгеруші Р.Әбдіқұлов және соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Бас маман Ж.Шыршықбаев өз баяндамасында қоғам арасында қылмыстардың түрлері өршігендігін және жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық қауіпсіздігімізге, ел болашағына қауіп төндіретіні сөзсіз екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, жасөспірімдер ойламаған жерден аяқтарын шалыс басып, қылмыс әлемінің есігін ашып жатады. Осылардың басты себептерінің бірі-отбасы, ошақ қасында және қоршаған ортада толыққанды тәрбиенің дұрыс берілмейтіндігін түсіндіріп өтті.
Семинар соңында, қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі