Жамбыл облысының экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық  туралы заңнаманы қолдану пратикасы туралы» тақырыбында семинар өтті.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысының экономикалық соттың судьялары  қатысты.
Судья А.Акетаев өз сөзінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша және Кәсіпкерлік қызметтін жақсарту» туралы 27 ақпан айының 2017 жылы қол қойылған заңнамаға жаңадан енгізілген өзгерістерді түсіндіріп толық тоқталып атап өтті.
Белгіленген тақырыпта соттың судьясы Г.М.Тажиева баяндама оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ерекшеліктермен осы Азаматтық процестік кодексе көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайтынынатап өтті.  Жеке шаруашылық субъектілерінің құқықтық мәртебесі мен қызметіне байланысты оңалту және банкроттық рәсімдерін қолданудың ерекшеліктері Мемлекетіміздің заңнамасымен белгіленген.
Семинар сабаққа қатысушыларға оңалту рәсімін, төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін,  жеделдетiлген оңалту рәсiмiн, банкроттық рәсімін және банкроттықтың жеңілдетілген рәсімдерін жүргізу түсіндірілді.
Баяндамашымен қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі