Жамбыл облысында судьялар мен жаңадан тағайындалған аудандық және оған теңестірілген облыс соттарының төрағалары таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF
Бүгін Жамбыл облыстық сотында судьялар мен жаңадан тағайындалған аудандық және оған теңестірілген облыс соттарының төрағаларын таныстыру рәсімі өтті.  
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 14 маусымындағы Жарлығымен Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметіне – Төлесбай Самат Нүкеұлы, төраға қызметіне: Жамбыл аудандық сотына – Төленбеков Досжан Қанатбекұлы, Жамбыл облысының мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық  сотына – Дүйсенбаев Ербол Мизанұлы, Жуалы аудандық сотына – Мүлкібаев Бақытжан Ілиясұлы, Шу аудандық сотына – Жаманкұлов Ернар Боранғазыұлы, Тараз қаласы №2 сотына – Жамашов Низамиддин Қазыбайұлы, сондай-ақ Жамбыл аудандық сотының судьясы қызметіне – Дәуренбеков Абай Әбдіқапарұлы, Қордай аудандық сотының судьясы қызметіне – Самутдинова Раушан Әлідинқызы тағайындалды.
Сот жүйесінде 25 жылдан аса уақыт қызмет атқарған Жұмакүл Таяубайқызы Бекеева құрметті доғарысқа кетуіне байланысты Елбасының Жарлығымен судья лауазымынан босатылды.  
Облыстық соттың төрағасы Жұмакүл Бекееваға көпжылдық адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, оған зор денсаулық тілеп, сот жүйесінің дамуына  қосқан қомақты үлесін атап айтты. Сондай-ақ Судьялар Одағының Жамбыл облыстық филиалымен оған гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Рүстем Алшынбаев барлық судьяларға және жаңадан тағайындалған төрағаларға жұмыстарына табыс тілеп, абзал міндет – сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру қажеттігін көрсетті.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар