Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыру қаржы басқармасының басшысына шартты түрде екі жылға сынақ мерзімі белгіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
  Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыру қаржы басқармасының басшысына шартты түрде екі жылға сынақ мерзімі белгіленді.
     Үш миллион бес жүз мың теңгені жымқырғаны үшін ағымдағы жылдың ақпан айында сот алдында жауап берген Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыру қаржы басқармасының басшысы Гульгазира Жунисбаеваға екі жылға шартты түрде сынақ мерзімі белгіленді.
   Сотталушының ол өз кінәсін толық мойындап, мемлекеттік қазынаға келтірген материалдық шығынның орнын толтыруы, оған тағайындалған жазаның жұмсақ болуының бірден бір негізі болып табылады.
    Гульзира Жунисбаева ұрланған қаражатты іссапар шығыны ретінде өзінінің аталған мекемеде мүлдем қызмет атқармайтын туысының карточкалық шотына аударып отырған.
Келісімдік іс жүргізуде қаралған қылмыстық іс сотқа кінәні мойындау туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен.
   Тараз қалалық № 2 соты Г.Жунисбаеваны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 бабы «б,г» тармақтарына сай кінәлі деп танып, оған бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеп, мемлекеттік қызметтің қаржы саласында жұмыс істеуге үш жыл мерзімге тыйым салған.
    ҚР ҚК-нің 63 бабының 1,3 бөліктерін қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, екі жылға сынақ мерзімі белгіленген.
    Үкім заңды күшіне енбеген.
 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі