Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында «Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануда туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Қордай аудандық сотында аудандық соттың төрағасы  С.Тұрғынбаевтың, судья А.Байтерековтың, Қордай аудандық прокуратураның прокуроры А.Рахымбайұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шеқара қызметті «Онтүстік» алдын ала тергеу аймақтық басқармасының басшысы И.Санинның, №2038 әскери бөлімінің өкілдері Е.Максуттың, Т.Искаковтың және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуларымен «Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануда туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
С.Тұрғынбаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезінде туындайтын мәселелер және істерді қарау барысында орын алған негізгі кемшіліктерге баса назар аударды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2017 жылғы 3 шілдедегі № 84-VI ҚРЗ 04.07.2017 жылы БАҚ-да жарияланған, 14.07.2017 жылдан бастап қолдыста екендігі туралы талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар осындай шаралар жиі-жиі өткізіліп тұрса, әкімшілік істерді толтыруда жіберілетін кемшіліктер мен қателіктердің алдын алуға болатынын атап өтті.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі