Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің білімгерлерімен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Маликова М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығының білімгерлерімен  кездесу өткізді.
Іс-шара барысында судья А.Маликова Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің нормаларын, атап айтқанда қылмыстық істің қаралу тәртібін, істің қаралу мерзімін, үкімнің заңды күшіне ену мерзімін, арызды беру тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, судья арызды «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы арыз беру мүмкіндігі туралы айтып өтті.
«Сот кабинеті» сервисімен ғаламтор арқылы сотқа электронды түрде сот актілерін беру туралы арыз, сот отырысы хаттамасымен таныстыру туралы арыз, сот отырысы хаттамасына ескертпелер келтіру туралы арыз, электрондық үндеулер бере алады. Бұдан басқа, сот кабинеті арқылы үйден шықпай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуге, істердің қарау тізімін, сотқа шақыру туралы хабарламаларды алуға, сот істерін іздеуге, сот отырысының хаттамасына ескертпелер жіберуге мүмкіндік бар. Осы электрондық сервисті қолдана отырып, сот отырысының қатысушылары олайн режимінде қылмыстық сот істерін, олардың реквизиттері бойынша іздей алады, олармен таныса алады, әр-түрлі іс-жүргізу сұрақтары бойынша шығарылған құжаттарды көріп және баспаға шығарып алуға мүмкіндік бар. Алайда, электрондық іс жүргізуге қатысу үшін электронды цифрлық қолтаңба болу қажет, оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе Жоғарғы Соттың сайтында тапсырыс беретін сілтеме арқылы алуға болады. Жаңа технологиялардың қолдану аясы кеңейіп келе жатыр, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдерін жетілдіру жүргізілуде. Бұл жетілдірудің мақсаты – сот ісін жүргізудің ашықтығы мен қол жетімділігі», деп атап өтті.
Іс-шараның соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оған түсіндірмелер және толыққанды жауаптар алды.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі