Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қылмыстық іс бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (ары қарай ҚР ҚК-нің) 24-бабы 3-бөлігі - 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруды адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын  үй-жайға заңсыз кірумен, аса ірі мөлшерде жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттерді адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген, қылмысқа оқталуды жасаған) 28-бабы 3-бөлігі - 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуылды, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып, аса ірі мөлшерде жасауға көмектескен) сотқа берілген А-ға, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруды адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын  үй-жайға заңсыз кірумен, аса ірі мөлшерде жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттерді адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген, қылмысқа оқталуды жасаған) 28-бабы 3-бөлігі - 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуылды, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып, аса ірі мөлшерде жасауды ұйымдастырып, оның орындалуына басшылық еткен) сотқа берілген Т-ға, ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуылды, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып, аса ірі мөлшерде жасаған) сотқа берілген Ш-ға, ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуылды, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып, аса ірі мөлшерде жасаған) сотқа берілген Е-ге, ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі - 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуылды, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып, аса ірі мөлшерде жасауға көмектескен) сотқа берілген Қ-ға,  ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруды адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын  үй-жайға заңсыз кірумен, аса ірі мөлшерде жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттерді адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген, қылмысқа оқталуды жасаған) сотқа берілген Ж-ға, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруды адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын  үй-жайға заңсыз кірумен, аса ірі мөлшерде жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттерді адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген, қылмысқа оқталуды жасаған) сотқа берілген К-ға қатысты қылмыстық істің қаралу нәтижесі бойынша брифинг өткізілді.
Іс шараға: судья А.Маликова, жергілікті 77«TV» телеарнасының тілшісі М.Бает қатысты.
Брифинг барысында судья А.Маликова, отталушы А. 5 наурыз 2014 жылдан бастап «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-комуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастығының автокөлік жүргізушісі болып жұмыс жасаған. Ол осы уақыт аралығында бастығының отбасы мүшелері, жақын ағайын-туыстары және ата-анасымен танысып, өзін бастығы мен оның туыстарына тек жақсы жағынан көрсете біліп, сенімді тұлға ретінде бастығының жеке жұмыстарының тапсырмалары мен нұсқауларын орындап жүрген. Сөйтіп ол бастығының әкесі, 70 жастағы жәбірленушінің пәтер сатып алуға жинаған аса ірі көлемде ақшасының барын білген. Осыдан кейін сотталушы А-да жәбірленушінің Жаңатас қаласында пәтерде сақталуы мүмкін аса ірі көлемде ақшасын адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып, тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен, бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жасырын жымқыру қылмыстық ойы туындаған.  Осы мақсатта ол, 2016 жылдың қыркүйек айының басында туысы Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғыны сотқа берілмеген тұлғаға және соңғының жақын танысы Алматы облысының тұрғыны сотталушы Т-ға, бастығының әкесінің, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы пәтерінде аса ірі мөлшерде ақша сақталуы болуы мүмкін деген мәліметті айтып, сотқа берілмеген тұлғамен, сотталушы Т-мен бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруды, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын-үй жайына заңсыз кірумен аса ірі мөлшерде жасауды ұсынып, соңғымен өзара сөз байласқан.
15.09.2016 жылы 08 сағат 00 минутта, сотталушы А-дан сотқа берілмеген тұлға арқылы жәбірленушінің жоғарыда аталған мекен-жайында ешкім болмайды және ұрлық жасауларына ешкім кедергі болмайды деген нақты ақпаратына сенімді болған сотталушылар Т., Ж. және К., өзара алдын ала келісіп шешкен рөлдеріне сәйкес, жәбірленушінің мекен-жайына кіріп, аса ірі көлемдегі ақшаларын жасырын жымқыру мақсатында бөлмелеріндегі дүние-мүліктерін шашып, аса ірі көлемдегі  ақшаларды іздестіре бастаған.  Алайда, 15.09.2016 жылы сағат 08:30 шамасында жәбірленушінің подъезіне белгісіз тұлғалардың кіріп бара жатқанын көрген, соңғының туысының оқиға орнына келіп қалуына байланысты,  сотталушылар Т., Ж. және К., сотқа берілмеген тұлға өздеріне байланысты емес мән-жайлар бойынша жоғарыдағы бөтеннің мүлкіне қарсы бағытталған қылмыстық құқықбұзушылықтарын ақырына дейін  жеткізе алмай, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
Өздерінің жоғарыдағы ақырына дейін жеткізілмеген қылмысына көңілдері толмаған сотталушылар А., Т., сотқа берілмеген тұлға, жәбірленушінің пәтеріндегі сақтаулы аса ірі мөлшердегі ақшаларды заңсыз қылмыстық жолмен иемденуді көздеумен, жәбірленушіге қатысты қарақшылық шабуылын жасауға өзара келіскен және өздерінен құқық қорғау органы тарапынан күдік тудырмау үшін, осы қылмысты жасайтын тікелей орындаушылар ретінде басқа облыстың тұрғындарын қатыстыруды шешкен.
Содан, сотталушы А-ның, сотқа берілмеген тұлғаның нұсқауымен, сотталушы Т-ның ұйымдастыруымен, 18.09.2016 жылы сағат 00:30 шамасында, Алматы қаласынан жәбірленушіге қатысты қарақшылықты жасауға екі автокөлікпен келген сотталушылар Е., Қ., Ш. және сотқа берілмеген тұлғалармен бірігіп, жәбірленушінің қол-аяғын байлап, ұрып-соғып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып, аса ірі мөлшерде ақшаны жымқырған.
Сот үкімімен А. ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы және 28-бабы 5-бөлігі – 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды.
ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі – 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, А-ға меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.  
Т. ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен және 28-бабы 3-бөлігі - 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды.
ҚР ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сай, Т-ның іс-әрекетінде қылмысының қауіпті қайталануы танылды.
ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлігі – 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 10 (он) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, Т-ға меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 10 (он) жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалды.  
Ш. ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды және оған ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 11 (он бір) жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.
Е. ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды және оған ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 12 (он екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сай, Е-ге іс-әрекетінде қылмысының қауіпті қайталануы танылды.
Қ. ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі – 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды және оған ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі – 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 10 (он) жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.
Ж. ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылды және оған ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VI «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабы 2-бөлігі негізінде сотталған Ж-ға тағайындалған 5 (бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасының төрттен бір бөлігі қысқартылып, меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 3 (үш) жыл 9 (тоғыз) айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу тағайындалды.
К. ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылды және оған ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VI «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабы 2-бөлігі негізінде сотталған К-ға тағайындалған 5 (бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасының төрттен бір бөлігі қысқартылып, меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 3 (үш) жыл 9 (тоғыз) айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу тағайындалды.
Азаматтық талапкер Ж-ның талап арызы толық қанағаттандырылып, оның пайдасына сотталғандар А., Т., Ш., Е. және Қ-дан материалдық залал ретінде – ортақ, жалпы барлығы 149 млн. 425 000 (бір жүз қырық тоғыз млн. төрт жүз жиырма бес мың) теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Судья А.Маликова тілшінің сұрақтарына барынша толық жауап берді.
 
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі