Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға барлық азаматтар қатыса алады. Сотқа келген әрбір азамат өзін қызықтырған сұрақтарын қоюға және оған жауап алуға мүмкіндігі бар.
Осы іс-шара аясында Жаңатас қаласының тұрғыны Ж.Мырзабаева қылмыстық істің қаралу тәртібі және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының қолданылуы бойынша мәселелермен жүгінді.
Сот төрағасы  А.Тлепов Ж.Мырзабаеваның қойған барлық сұрақтарына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жан-жақты жауап берді.
 
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі