Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халықаралық шарттардың нормаларын қолдану мәселесі бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан Республикасында ратификацияланған Халықаралық шарттардың нормаларын қылмыстық істерді қарау барысында сот тәжірибесінде қолдану мәселесі» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы А.Тлепов және судьялар А.Маликова, Л.Ильясова қатысты.
Семинар барысында Л.Ильясова, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін соттың қорғауын қамтамасыз етуде халықаралық шарттардың маңызды рөлі бар, сондықтан қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясы шеңберінде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға міндетті екенін айтып өтті.
Сонымен қатар судья 2016 жылдан бастап «Төрелік» бағдарламасына қылмыстық істер бойынша  статистикалық есеп нысандарында  сот актілерінде халықаралық шарттарына сілтемелерді қолдану туралы есеп қарастырылғанын түсіндіріп кетті.
Сотпен 2017 жылдың 6 айы бойынша есептік кезеңде халықаралық конвенцияға сілтеме жасап 53 қылмыстық іс, оның ішінде халықаралық пактіге сілтеме жасап - 21 қылмыстық іс қаралған, деп статистикалық мәліметтер келтірді.
Талқылау барысында семинарға қатысушылар, сот тәжірибесінде халықаралық шарттардың қолданылуы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану мен сақтау тұрғысынан сот жүйесін дамытудың айқын бағыты деп атап өтті.
Іс шараға қатысушылар сот тәжірибесінде халықаралық шарттардың қолданылуы аясында пікір алмасып, Л.Ильясова тақырып аясында туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі