Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысын жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өткізілді.
Іс шараға сот төрағасы А.Тлепов және «Знамя труда» газетінің журналисті А.Утегалиева қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы А.С.Тлепов статистикалық мәліметтерді баяндады. Есептік кезеңде сот өндірісіне барлығы 106 тұлғаға қатысты - 78 қылмыстық іс түскен, оның ішінде 85 тұлғаға қатысты - 58 қылмыстық іс өндіріспен аяқталған, 80 тұлғаға қатысты - 53 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған, оның ішінде 80 тұлғаға қатысты - 53 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылған, ақтау үкімі шығарылмаған, 2 тұлғаға қатысты - 2 қылмыстық іс прокуратураға қайтарылған, 2 тұлғаға қатысты - 2 қылмыстық іс бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған.
Жалпы сотталған 80 тұлғаның ішінде 77 тұлға бас бостандығынан айырылған, яғни 96,25 пайызды құраған, ал Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 3-бабының талаптарына сай, 3 тұлға бас бостандығын шектеуге сотталып, 3,75 пайызды құрап отыр.
Бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы - 53 қылмыстық іс қаралды, халықаралық конвенцияға сілтеме жасап 53 қылмыстық іс, оның ішінде халықаралық пактіге сілтеме жасап - 21 қылмыстық іс қаралды. Алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс қаралмаған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында судьялар және сот қызметкерлерімен  - 40 мақала, ал қоғам тарапынан қызығушылық туғызған қылмыстық істердің қаралу нәтижесі бойынша - 37 мақала жарияланған, радиодан және телеарнадан - 19 сұхбат берілген, сот қызметіне қатысты Жамбыл облыстық сотының сайтында - 48 материал жарияланған, брифинг, баспасөз мәжілісі, «Ашық есік күні», дөңгелек үстел, семинар, кездесу және жиналыс секілді - 36 іс-шара ұйымдастырылған.
Баспасөз мәжілісі барысында А.Тлепов  қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды мәселелерінің бірі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру және істерді уақытылы қарау екендігін атап өтті.
Баспасөз мәжілісі соңында сот төрағасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің барлық сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар көзі: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар