Жамбыл облыстық сотының төрағасы Алшынбаев Рүстем Мырзакәрімұлының көктем мерекесі, Наурыз мейрамымен құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Құрметті судьялар, сот жүйесінің қызметкерлері және Жамбыл облысының тұрғындары!
Көктемнің керемет мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік, елдің бірлігінің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Наурыз мейрамы ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым – қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт дәстүрінің қайта жаңғыруына әз наурыз үлкен үлесін қосуда.
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айқындайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін.
                                                
Ізгі тілектерімен Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрімұлы Алшынбаев.