Жамбыл облыстық сотының судьясы Д.Нұрлыбаева «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге» қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Аталған іс-шара ҚР мәдениет және спорт  Министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Қоғамдық қорының мемлекеттік гранттық жүйесін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Дөңгелек үстел» жұмысына «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің президенті Ж.Жақыпов, Жамбыл облыстық сотының судьясы Д.Нұрлыбаева, облыстық әкімшіліктің өкілдері, «Мирэкл» Орталығы» ҚБ басшысы Р.Сабитов, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті әкімшіліктің, прокуратура, ішкі істер органдарының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саясат бөлімінің өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар қоғамдағы кейбір өзекті мәселелерді, даулар мен келіспеушіліктерді медиация мүмкіндіктерін қолдану арқылы реттеу мен азаматтық қоғамды дамыту барысында кездесетін сұрақтарды шешуде ҮЕҰ-дың құрмет пен беделге ие қоғамдық көшбасшылардың қатарынан медиаторлар тобын қалыптастыру сұрақтарын талқылады.
Өз сөзінде Д.Нұрлыбаева судьялардың VІ съездіндегі судьяларға істерді қарау кезінде татуластыру рәсімдерін қолдануға үлкен назар салу қажеттілігі жайындағы Президенттің берген  тапсырмаларына ден қойып және медиация тәртібімен қаралған істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті. 2016 жылдың 9 айында 840 азаматтық істер медиация тәртібімен тоқтатылған, 159 қылмыстық істер медиатордың қатысуымен қаралған, олардың ішінде тараптардың татуласуымен 130 іс қысқартылған.  
Іс-шараның соңында медиацияның дамуы бойынша ұсыныстар қабылданды, бұқаралық ақпарат құралдарына медиаторлардың жетістіктері жайында кеңінен тарату, сондай-ақ әкімшіліктермен медиаторларды орындарында оқытуды және көрсетілген мақсаттарда семинарлар, тренингтер, алқалы жиындар ұйымдастырулар қаралды.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі