Жамбыл облыстық сотының оқу орталығымен, мемлекеттік қызметкерлер арасында жоспарланған семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Семинар сабағын өткізу барысында, баяндамаларымен: персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) бас маманы Талғат Амангелді, құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Динара Баймаханова ортаға шықты.
Т.Амангелді «Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар» тақырыбында баяндама оқыды, онда мемлекеттік қызметшілердің моральдық бейнесіне қойылатын заманауи талаптары жайында таратып айтты, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының негізгі ережелерін түсіндірді.
Ол, мемлекеттік қызметкер көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажет, азаматтар және әріптестерімен сөйлескен кезде, сыпайылық пен әдептілік таныту қажет, өзінің әрекеттеріне қоғам тарапынан сынға ұшырауға себеп бермеу қажет, басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік этика нормаларының бұзылуына жол бермеу бойынша шара қолдану қажет деп атап өтті.
Д.Баймаханова «Сан ғасырлық тарихы бар Ұлттық мейрам – Наурыз мерекесі» тақырыбында баяндама оқыды. Ол Наурыз мерекесі көктем келгендігінің белгісі екендігін, табиғаттың қайта жаңаруы достықты, махабатты және жанның дарқандығын тәрбиелейтіндігі жайында айтты. Наурыз – әлемнің мейрамы, бейбітшілік пен бірліктің нышаны екендігін атап айтты. Халықтың салт-дәстүрі және мерекенің салт жорасы жайында таратып айтты.
Екі баяндамада қатысушылармен мұқият тыңдалды. Қойылған сұрақтарға, тыңдаушыларға толыққанды жауаптар берілді.
Семинар сабағының соңында Жамбыл облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Әсел Жұматаева баяндамашыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдірді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі