Жамбыл облыстық сотындағы қазақ тілі курстары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық соты Жоғарғы Сотттың  басшылығынан  «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» қарарын іске асыру үшін жоспары тиімді орындау мақсатында облыстық, қалалық және уадандық судьялар мен мемлекеттік қызметшілерге арнап қазақ тілі курстарын ұйымдастырған. Аталған курстары үйренушілердің тілді білу деңгейлері (бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген топтар); сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу бағыттары бойынша әзірленген.
Қазақ тілі курстарын Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының оқытушысы Айгүл Тыныстанова жүргізады.  Курстарды өткізу барысында оқытудың заманауи әдістерін (интерактивтік, жеке және топпен жұмыс, рөлдік ойындар, қойылымдық сот ісін жүргізу т.б.) қолданылады.
Осы ретте, қорытынды емтихан сынағынан сәтті өткен тіл үйренушілерге тиісті сертификат беріледі.
Қазақ тілі курсы Жамбыл облыстық сотының оқу орталығында  әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 17.00-ден 18.20-ға дейін базалық негізде өтеді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі