Жамбыл облыстық сотында Наурыз мейрамын тойлау құрметіне арналған салтанатты іс-шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Жомарт Рүстембеков, салтанатты жағдайда облыстық соттың судьялары мен мамандарын көктем мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтады.
«Мен сіздердің барлықтарыңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Шын жүректен ұлы мейрам Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, мейірімділік пен бейбітшілік тілеймін! Наурыз әр үйге тыныштық пен гүлдену алып келсін!»,-деп салтанатты жиында сөз сөйлеген Ж.Рүстембеков айтты.
Сондай-ақ құттықтау сөздерімен Жамбыл облыстық сотының судьялары мен Соттар әкімшісінің басшысы сөз сөйледі, өздерінің құттықтауларында олар барлық әріптестеріне және олардың отбасыларына татулық, тыныштық, гүлдену мен бақыт тіледі.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі