Жамбыл облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандарының қатысуларымен онлайн режимде семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Б.С.Құлтасов, Жамбыл облысы соттар әкімшісінің Талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы И.Сарсембиева, бөлім мамандары  И.Алимкулова, А.Рахматуллаева сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен статистикалық есептілікке жауапты мамандары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар аудандық және оған теңестірілген соттардың «Төрелік» ақпараттық жүйесінде статистикалық есептіліктің дұрыс қалыптастырылуына жүргізілген тексеру нәтижелерін талқылады.
«Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қатысты статистикалық есептіліктің дұрыс қалыптасуы» тақырыбында И.Алимкулова, А.Рахматуллаева баяндама жасап, аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандарына қателіктерге жол бермеу мақсатында бағыттар мен ұсыныстар жасады.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Талқылау қорытындысы бойынша Б.С.Құлтасовпен кеңсе меңгерушілерге және мамандарға, тексеру барысында анықталған қателіктерге алдағы уақытта жол бермеу мақсатында нақты тапсырмалар берілді.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі