Жамбыл облыстық сотында алдағы Елорда күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотында алдағы Елорда күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті.
Облыстық соттың төрағасы Рүстем Алшынбаев іс-шараны ашып, Астана күні қазақстандықтардың ауызбіршілігінің және республиканың жетістіктерінің нышаны болғандығын атап айтты.
«Бүгінде Астана – Қазақстанның барлық экономикалық және мәдени өмірінің орталығы. Әр жыл сайын Елорда іскерлік еуразиалық орталықтың және әлемдік қоғамдастықпен саяси ынтымақтастықтың беделін нығайтуда. Өзінің кезекті туған күнін керемет экономикалық және әлеуметтік дамуымен қарсы алып, еліміздің бірінші қаласы нық сеніммен алға жылжуда. Бүгінде Астана –бірден-бір заманауи сәулет құрылысымен әлемдегі әдемі қалалардың бірі. Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, табыс, бақыт, бейбітшілік және амандық, сондай-ақ мемлекетімізге гүлдену тілеймін», - деп, облыстық соттың төрағасы Р.Алшынбаев өз сөзінде атап кетті.
Сондай-ақ құттықтау сөздерімен Жамбыл облыстық сотының судьясы Әзіретқұлов Дінмұхаммет Анқабекұлы және Жамбыл облысы бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Құлдүйсенов Әбдіжәми Әбдірахманұлы ортаға шықты.
Салтанатты жағдайда облыс судьяларының және мемлекеттік қызметкерлердің марапаттау рәсімі өтті.
Елорда күнінің тойлануына байланысты, сот жүйесіндегі атқарған абыройлы еңбегі және сот төрелігін жүзеге асырудағы белсенді қызметі үшін, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаевтың Құрмет грамотасымен Жамбыл облыстық сотының судьясы Әкетаев Ардақ Аманжолұлы, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Тлепов Азамат Серікұлы, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дүйсенбаев Ербол Мизанұлы,  Тараз қалалық сотының судьясы Абаева Жанна Мерекеқызы, Шу аудандық сотының судьясы Абуев Бабырхан Бекболатұлы, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман – мемлекеттік тілді дамыту бойынша Нұрбеков Саяхат Бағдатұлы, Меркі аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы Дүйсенқұлова Сәуле Әбдірқызы марапатталды.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатып, соттар қызметін үздік жарықтандыра білгендері үшін облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаевтың Құрмет грамотасымен Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үйлестіруші судьясы Тажибаев Ерлан Зиятханович, Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған экономикалық сотының бас маманы Керимова Акерке Бакытовна, Тараз қаласы №2 сотының бас маманы Казакбаев Берик Сейсенбекович, Жуалы аудандық сотының бас маманы Досыбайлы Дулат Серікұлы марапатталады.
Лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал атқарғандары үшін, Жамбыл облысы бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Ә. Құлдүйсеновтың Құрмет грамотасымен Меркі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Утеева Шолпан Кеңесқызы, Шу аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы Унайбаева Зурагүл Сопыханқызы, Байзақ аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы Ким Константин Филиппович, Жамбыл аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы Исмаилова Ширин Сабыржанқызы марапатталды.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы соттар қызметін жарықтандыру жұмысы бойынша үздік мекемеге байқаудың қорытындысы жарияланды, ондағы жеті бағдар бойынша жинақталған ұпайларымен  Қордай аудандық соты жеңіске жетті.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев сот ұжымын жеңістерімен құттықтап, өзінің атынан бағалы сыйлық ұсынып және жаңа табыстармен жұмыстарына биік көрсеткіштер тіледі.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі