Жамбыл облыстық сотында 1 жылдан 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялармен Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Отырысқа Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, облыстық соттың судьялары А.Әкетаев, М.Атибеков, А.Есенбай, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Тлепов, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Отырыста жас судьялардың жұмыс кезеңіндегі қаралған істердің саны туралы, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, БАҚ-пен өзара әрекет етуі, өздігінен білім алу және біліктілігін көтеру жұмыстарының аралық және  қорытынды есептері тыңдалды. Әрбір есеп беру кезінде тәлімгерлер мен менторлардың пікірлері ескеріліп, отырыс мүшелері талқылады. Тәлімгерлер сот актілерін әзірлеу сапасы, жұмыс көрсеткіші, кейбір жас судьялардың алдағы уақытта жұмысында болдырмау үшін осал тұстары жөнінде өз ойларын білдірді.
Жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары жас судьялардың тәлімгерлері болып табылады. 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялардың менторы болып облыстық сотының судьялары тағайындалған.
3 жыл судьялық өтілі бар бес жас судьялар Г.Байкулова, Н.Умарова, Г.Ажакаева, Б.Сарсенбиева, Р.Ясарова және А.Байтерекова қорытынды есеп бойынша қанағаттандырарлық мінездеме алды. Тәлімгерлер кеңесі оларды жас мамандар санатынан қатаң талап қою үшін дербес судья мәртебесіне аударуды ұсынды. Қалған 18 азаматтың 1 жылдан 2 жылға дейінгі судьялық еңбек өтілі бар.
Талқылау қорытындысы бойынша Кеңестің төрағасы А.Есенбай барлық ұсыныстар мен ескертулерді назарға алуды тапсырып, жас судьяларға сот қателіктеріне және заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында  әрдайым өзін-өзі жетілдіруге, өздігінен білім алуға, қолданыстағы заңнаманы зерттеуге ерекше назар аударуды тапсырды.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі