Жамбыл облыстық сотымен «Сот-құқықтық реформаны жүзеге асыру, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу практикасында жаңашылдықтарды қолдану» тақырыбында конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Конференция жұмысына Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, облыстың судьялары, прокуратура, адвокаттар алқасының, ішкі істер органдарының, нотариалдық палатаның өкілдері, сонымен қатар Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері, кәсіби медиаторлар және ЖОО-ның оқытушылары қатысты.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев іс-шараны ашып, сот тәжірибесі дәлелдегендей, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізудегі жаңашылдықтардың тиімділігін және әрекеттілігін, сот жүйесін жетілдірудің келешегін қылмыстық және азаматтық істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер қатарын талқылау арқылы анықтауға болатындығын атап айтты.
Конференция барысында облыстық соттың судьялары Г.Асылбек, А.Әкетаев, Д.Нұрлыбаева, М.Атибеков, Л.Рамазанова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының доценті Жомарт Тұңғышбаев баяндама жасады.
Қатысушылар үлкен қоғамдық қатер тудырмайтын құқықбұзушылықтар бойынша заңнаманы ізгілендіру туралы, қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізуді оңайлатудың  тиімді аспектілері жайында пікір алмасты.
ҚР Азаматтық процессуалдық Кодексінің нормаларын қолдану сұрақтарын талқылау барысында, оның қабылдануымен азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын және заңды мүдделерін қалпына келтіруге және қорғалуға барынша тиімді жағдайлар жасалғандығы аталып өтілді.
Оңайлатылған өндіріс, медиация, талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру сатыларының жоқтығы және тағы да басқалары процессуалдық заңнаманың новеллаларының сапалы ықпалы аталып өтті.
Конференцияның қатысушылары қылмыстық, қылмыстық процессуалдық және азаматтық процессуалдық заңнамаларының жаңалықтарын қолдану барысында туындайтын мәселелерін де белсенді түрде талқылады.
Конференцияның соңында, қатысушылармен сот жүйесінің қызметін жетілдіру, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық және азаматтық процессуалдық заңнамалардың ары қарай жүзеге асырылуына оңтайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар қабылданды.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі