Жамбыл аудандық сотында сот қызметкерлерімен семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Мемлекеттік органдармен, оның ішінде сот органдарымен хат алмасуды, ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында аудандық соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.
Мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатырған әр азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі. Елімізде қазақ тілін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп келеді. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Кеңсе меңгерушісі К.Сатыбалды баяндамасында мемлекеттік тілдің қоғамдағы ролі туралы, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламаларының іске асырылуы туралы, мемлекеттік тілді дамытудың негізгі жолдарының бірі – құжат айналымы мен іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу екенін атап өтті.
Кеңсе меңгерушісі өз сөзінде мемлекеттік органдармен, оның ішінде сот органдарымен хат алмасуды, ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша статистикалық мәліметтер айтылды.
Семинар соңында кеңсе меңгерушісі сұрақтарға жауап беріп, қатысушылар өзара пікір алмасты.
 
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі